«Эмили» медицина орталығында «Қазақстан тарихы» пәнінен ашық сабақ өткізілді.

2018 жылы 21-қараша күні «Эмили» медицина орталығында «Қазақстан тарихы» пәні оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Абдрахман Абдрасилов ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «1916 жылы Ұлт-азаттық көтеріліс. Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Қос өкіметтің құрылуы».

Ашық сабаққа Алматы қаласы мен Алматы обылысының медицина колледждерінің тарих пәнінің ұстаздары қатысты. Алматы жоғарғы  медицина колледжінің оқытушылары Асқарова К.И,Далибаева А.И,Алматы «Интердент» медицина колледжі оқытушылары Рахметова А.Е,Ибраев О.Қ және Қарасай ауданы «Шамалған» ауылы «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледждің»тарих пәнінің оқытушысы Есқожинова С.Қ ашық сабақтың жоғарғы денгейде өткенін тақырыптың өзектілігін әрі медицинамен байланысты тұстарын өздеріне ұнағандарын айтты.

Ашық сабақты талқылағандар,оқытудың жаңа инноватциялық әдәс-тәсілдерін, командалық TBL, CBL, миға шабуыл студенттердің логикалық дағдыларын шыңдайтын тапсырмалар, заман талабына сай құрал-жабдықтар, презинтация, бейне роликтер пайдаланғанын тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *