Республика күні құтты болсын! Поздравляем с Днем Республики Казахстан!

Бүгін үлкен мереке құтты болсын,
Республика күні бұл келіп жеткен.
Егеменді еліміз жасай берсін,
Әрбір күні шаттықты нұрлы еткен.

Шаттығымыз, қуаныш ортаймасын,
Жүректерде ән менен күй тербелеп.
Азаттықтың ақ таңы тоқтамасын,
Тәуелсіздік мәңгі боп бізге керек.

Ынтымақ пен бірлік боп сыйластықтар,
Қазақ елі жарқырап, жайнай берсін.
Әнұраны шырқалып бар әлемде,
Көңілде күй тербелеп, ойнай берсін!