«Эмили» колледжінің студенттері Алматыдағы мұражайларға барды

“Эмили” колледждің 25-жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарының аясында, біздің студенттері оқытушылармен бірге Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражай-үйге және қалалық мұражайға барып қайтты. 

1МД1 тобының студенттері: “Біз 16 қазанда “Қазақстан тарихы” пәнінен қалалық мұражайға барып, қойылымдармен таныстық. Мұражайда әр түрлі тарихи ескерткіштер, Алматы қаласының ертедегі жәдігерлерімен, тұрғындардың мәдени ескерткіштері жоғары сапада сақталған, олар біздің қызығушылығымызды туғызды. Мұражай қызметкерімен “Қазақстан тарихы” пәнінен оқытушысы А. Абдрасилов Алматы қаласының көне тарихи ескерткіштері туралы қызықты деректер айтты.

1МДД1 тобының студенттері: “Қазақстан тарихы” пәні тақырыбы “Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы” бойынша сабақты Ахмет Байтұрсынұлы мұражайында өткіздік. Мұражайдан көптеген мағлұматтар жинап, қызықты деректермен таныстық. Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы А. Абдрасилов және мұрағат қызметкері Сания апай көптеген сұрақтарға жауап берді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *