«Патологиялық анатомия және физиология» пәнінен ашық сабақ өткізілді

23.02.2023 күні «Эмили» медицина орталығында ЦӘК жалпы кәсіптік пәндер оқуытушысы Айтмұратов Заманбек Сағидуллаұлы кешкі ауысым оқу бөлімінің 1СДВ3 тобына «Патологиялық анатомия және физиология» пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың тақырыбы «Қабыну және оның патофизиологиясы».Ашық сабақ барысында арнайы әдістер мен материалдарды, атап айтқанда: «Қабыну және оның патофизиологиясы» жайында презентация түрінде лекция оқып, сонымен қатар WORDWELL арнайы платформасы арқылы анаграммалық ойын және тест түріндегі тапсырмаларды студенттерге қолдана отырып, олардың білім деңгейлерін анықтады. Ашық сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сиротина Асмик Юриковна, кешкі ауысым оқу бөлімінің деканы Абильмажинова Альфия Оралбековна және ЦӘК СГЕНД: Мира Кемалиевна, Раушан Тұрысбекқызы, ЦӘК СД: Гулжахан Хакимжановна, ЦӘК КД Омарова Мамиля Стальевна, Таишева Барно Эркиновна, Камраев Дильмурат Талгатович, Дильназ Абильхатовна, ЦӘК ОПД Нұрманбек Айдын Ергазыкызы, Зиноллаева Акжан Нурсейткызы, Жаксылык Арайлым Сериккызы қатысып, ашық сабақ жайындағы өздерінің ой пікірлерімен бөлісті.